"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебі бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған іс-шаралар есебі.

24.11.2020

Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебі бойынша

Жалпы адамзаттық құндылықтар күніне арналған               

 іс-шаралардың есебі

       Мектебімізде  23 қараша күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне орай іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Оқушыларда жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыру,сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу мақсатында «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. С. Алпысқызының «Өмір әдебі» атты кітабынан үзінділер оқылды.Оқушыларға  шығармашылық жұмыстар берілді. «Сыйластық- басты құндылық!» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Оқушылар  жүрекшеге жазып бір-бірлеріне деген  ізгі тілектерін білдірді. Адамгершілік,сүйіспеншілік, жақсылық жасау жайлы  әңгімелесулер өткізілді.  5-сынып оқушылары  жалпыадамзаттық құндылықтарға  байланысты өз өнерлерін өлең жолдармен онлайн  форматында жеткізіп, бейнеролик жасалды, тәрбиемен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылды.

Жалпыадамзаттық құндылықтарға  5-6 сынып оқушылары өз  өлеңдерін арнаса, 7-8-9 сынып оқушылары  шағын эссе жазды.

Сонымен қатар осы шара аясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі» атты ата-аналармен онлайн семинар өтті. Семинарда ата-аналар жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өз ойларын сұрақтар арқылы білдіріп, пікір алмасып,  семинардан алған әсерлерін бөлісті.

Мектеп кітапханасында «Сүйіспеншілікке  толы жүрек » атты рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Іс -шаралар туралы мәліметтер  мектеп сайтына, әлеуметтік желілерге жарияланды.

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст