Эссе "Ана"
Мен Анамды жақсы көремін!
Анам мен үшін барлық әлем.
Мен де Анамның баға жетпес байлығымын. Анам маған үнемі осылай айтып отырады. Ол менің
қамқоршым, ұстазым, ақылшым, досым. Өмірде ең жақын адамың болса, ол сенің - анаң. Анаңды сипатта десе, ойыма бірден оның мейірімге толы көзі, жұмсақ алақаны, әдемі қоңыр үнімен еркелеткен сөздері түседі. Егер біз жақсы іс істеп көзге түссек, мақтан тұтып, бір марқайып қалады. Кейде бала болған соң, бір қателік жасап, көңіліне қанша қаяу түсірсек , ол бізді түсіне де, кешіре де біледі.
Біз үйде үш баламыз. Менен кейін інім мен қарындасым бар.
Анамның махаббаты үшеумізге де жетеді. Бәрімізді бірдей еркелетіп, тамақтандырып, киіндіріп, менің сабағымды оқытып, інім мен қарындасыма қарап та үлгіреді. Жұмысына да барады. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Әрқашан бізді не қызықтырады, не алаңдатады барлығын сұрап отырады. Бізден қамқорлығын аяған емес. Мен әрқашан анама көмектесуге дайын тұрамын. Ол үнемі бізді жақсы көретінін айтып отырады. Түнде маңдаймыздан иіскеп ұйықтатып, таңертең бетімізден сүйіп оятады. Ананың
балаға деген махаббаты осы шығар. Ананың махаббаты шексіз!
Ол бізді үнемі адал, әділ болуға, адамгешілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйретіп отырады.
Ол біздің өмірлік ұстазымыз. Бізді үлкен өмірге тәрбиелеп, дұрыс жолдың бағытын
көрсетеді. Ол біздің жақсы адам болып өскенімізді қалайды.
Анамыз - досымыз. Әрқашан қасыңнан табылады. Қуанышыңды бірге бөлісіп, қиналғанда демеу болады. Қандай мәселе, сұрақ болмасын, шығар жолын тауып береді.
Анамыз - дәрігер. Ауырсақ күн демей, түн демей уақытымен дәрімізді беріп емдеп, жүгіріп ойнап кеткенше жанымызда болады.
Анамыз - аспаз. Әр күн біздің сүйікті тағамымызды дайындайды. Бәріміздің қай тамақты сүйіп жейтінімізді
біледі. Бәріміздің көңілімізден шыққысы келеді.
Менің анам - мақтанышым. Ол менің қорғаным және тірегім. Ол ең мейірімді, ақкөңіл, жанашыр жан. Мен оны
үнемі қауантқым келеді. Оның жүзінен күлкі кетпесе екен деймін. Ол мен үшін
әлемдегі ең әдемі, ең ақылды, ең мейірімді ана. Мен осындай анам барына мақтанамын.
Анамыз кейде жұмыстан кешіксе, асыға, сағынып күтіп отырамыз. Ол да бізге жеткенше асығып,
сағынып келгенін айтады. Ал демалыс
болған күні інім мен қарындасым қатты қуанады. Өйткені Анамызбен уақыттарын бірге өткізеді. Біз анам екеуміз
мектепке бірге барамыз. Сондықтан мен үнемі анаммен біргемін.
Біз қазір бақытты балалармыз, себебі аналарымыз әлемдегі бар жақсылықты бізге тілеп, қолдарынан келгенше
бақытты балалық шақ сыйлап отыр. Бізге қазір жасаған еңбегін өскенде өздеріне екі есе қайтарып, ең бақытты ана
атандыру біздің міндетіміз.
Әлемдегі барлық ана бірдей мейірімді, қамқор, жанашыр деп ойлаймын. Сондықтан біз бақытты балалармыз.
Аналарыңды бағалаңдар!
Мен Анамның барлық армандары орындалса екен деймін. Анама мың алғыс!
Ана, мен сені жақсы көремін!
2 а сынып оқушысы Тулегенов Дастан