2024 жылдың 30 наурыз күні Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебінің 2-5 сынып оқушылары көктемгі демалыста Арайлы ауылдық округінің орталық кітапханашысы Айгерим Кабдуллаевнаның ұйымдастыруымен «Кітап оқып жарысайық» сайысына қатысты.
Сайыс 2-6 қазақ сыныптары арасында өткізілді. Сайыстың ережесі: 6 беттен тұратын «Күнекей қыз» атты ертегіні оқып, 20 сұрақтан құралған тест тапсырмасын орындау.
Тапсырманы дұрыс әрі бұрын жауап берген оқушылар келесі кезеңге өтіп, 2 кезеңде ертегі туралы ойларын, ертегінің қысқаша мағынасын қағазға жазып орындады.
Жүлделі оқушылар грамотамен және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ, 4 а сынып оқушысы Галин Асылжан 5- орын - 500тг. 5 а сынып оқушысы Галин Нұрдаулет 4 орын – 1000 тг, 5 а сынып оқушысы Касен Дария 2 орын – 3000 тг , 5 а сынып оқушысы Сейлхан Каусар 2 орын – 3000 тг ,