Текст
Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебінде «Сыңғырла
соңғы қоңырау » атты салтанатты жиын өткізілді.
Жиын мемлекеттік әнұранмен басталды. Салтанатты жиынға ата аналар, оқушылар,ұстаздар қатынасты. Бұл күн 1 сынып оқушылары мен
9 сынып бітіруші түлектер үшін ерекше күн болды. Мектеп түлектері өз қуаныштарын әнмен,бимен жеткізе отырып және мұғалімдерге алғыстарын
білдірді. Бұл күн үздік оқушылар үшін де қуаныш сыйлады, өйткені олар жақсы оқығандары үшін мадақтамамен марапатталды.Сонымен қатар, ата аналар да өз
тілектері мен алғыстарын жеткізді.