Бүгін, яғни, 2017 жылдың 1-маусымы күні мектебімізде «Қош
келдің, балғын жас!» атты «Айгөлек» лагерінің ашылу рәсімі өтті. Лагеріміздің
шымылдығын мектебіміздің директоры Дюсембаева Сәуле Төлегенқызы және
мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Тоқтыбаева Амина Төлешқызы өз
құттықтау тілектерімен ашып, бүгінгі «Балаларды қорғау» күніне орай балаларға
тілектер айтып, көңілді де қызықты
балалық шақ тіледі. Лагердің ашылу рәсіміне он тоғыз бала қатысып, бәрі дерлік өз өнерлерін көрсетуден аянып қалмады. Бірі шырқатып ән салса, енді бірі мың бұралып би биледі. Сонымен қатар көңілді ойындар өткізілді және «Әдепті бала қандай болу керек?» деген тақырыпта викториналық сұрақтар сайысы да өткізілді. Осындай көңілді де қызықты әрі ынтымақты атмосферада мерекелік іс-шарамыз жалғасын тауып, балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Лагер жетекшісі Касымова Г.Е.