"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.08.2017

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру»

        Қазақстан

Республикасы Президентінің «Егемен Қазақстан» 

газетіне жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   мақаласы Қазақстан Республикасын жарқын

болашаққа жетелейтін маңызды құжат. Мақалада 

Елбасымыз жаңа бағыт-бағдар беріп, болашаққа деген нақты қадамдарды

көрсетті. Менің ойымша мақаланың басты  мақсаты — елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін

экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

        Нұрсұлтан

Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру»   мақаласының негізгі

екі тарауында  мемлекетіміздің

жаңғыруының жан-жақты тоқталып, болашаққа деген нақты тапсырмаларға  тоқталып өтті. Мақала  негіз ететін жаңа экономикалық саясат

инфрақұрылымның түрлі салаларындағы экономиканы тұрақтандыруға, білімді

дамытуға бағытталған. Нәтижесінде, осы саясат арқылы Елбасымыз  Қазақстан азаматтарының қамын ойлайды.

Бүгінгі таңда ұлтаралық бейбітшілік және келісімнің

қазақстандық моделі бірегей институттың — Қазақстан

халқы Ассамблеясының — жұмысының нәтижесі болып табылады. Елімізде

орнатылған бейбітшілік пен келісім әлемдік алаңдағы біздің басты

қасиеттеріміз болып табылады. Осының арқасында республикамыз дүниежүзілік-деңгейге

көтеріліп келді. Біздің еліміз мәдениеттер жақындасуының ондығын өткізуге

бастамашыл болды. Әлемде Қазақстанды бейбітшілік пен келісім

орнатылған ел ретінде танымал. Шынында да, Қазақстанның этникалық пен

діни әр түрлілігі - «Мәңгілік ел» идеясымен анықталған біздің

болмысыз, шындығымыз. Біздің бірегейлігіміз-де осында жатыр, сондықтан біз-де

орнатылған бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, өсіп келе

жатқан ұрпағымызды толерантты және сүйіспеншілікті дәстүрлерімізге

сай тәрбиелейік. Біздің міндетіміз — өз тамырларын білетін, Отанын

сүйетін, тарихын құрметтейтін рухани тұлғаны қалыптастыру. Көптеген өзгерістер

орын алып жататын дәуірімізде біздің мақсатымыз — берекелі халықтың,

елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің маңыздылығын түсіне алатын жас

ұрпағын тәрбиелеу. Президентіміз экономикалық жағынан дамыған,

тәуелсіз және мықты Қазақстанның қалыптастыруына жастарымызды

шақырады. Президентіміз жастарды елдің сүйеніші деп атайды. Бірлігі бар

Қазақстанның халқы — зор күш! Біз уақыттың, жаһанданудың

сынақтарынан бәріміз бірге сүрінбей өтіп, ортақ тарихи

жолмен жүреміз! «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру»   —

бұл жетекші және оның халқының тұрақтылыққа,

бейбітшілікке және өркендеуге апаратын сенімді құжат екеніне

сенімдімін.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст