Күз-2017» мерекесі туралы ақпарат
Күз адам баласына
молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз,
алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске
боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған
ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір
мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді
жалғастыра отырып,
«Алтын күз - 2017» мерекесі өткізілді. Бұл мейрам оқушылар үшін қызықты да
көңілді мерекелердің бірі.
Бағдарлама алдын-ала жоспарланып, бастауыш сынып мұғалімдері Темірбекова
С.Б. Дауренбекова А.К және де биология пәні мұғалімдері Кабылкадырова Г.А
,Едиресова Б.Д ұйымдастыруымен өткізілді.
Оқушылардың күз мерекесіне деген дайындықтары жоғары деңгейде болды.
Күз ханшайымдары өздерін таныстыра отырып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, күзгі сән үлгісі көрсетілді және ата-аналардың көмегімен күзгі
дастархан дайындалды. Соңында әділ қазлар алқасына сөз беріліп
жеңімпаздар анықталды. Бастауыш сыныптар бойынша күз
ханшайымдары «Күзгі сән үлгісі, «Парасатты ханшайым,
«Өнерлі ханшайым», «Дәм-думан» атты жүлделерге ие болды.
Жоғары сыныптар бойынша «бас жүлдені» жеңіп алған 6 б сынып оқушысы
Козловская Валерия, 1 орынды 9 б сынып ханшайымы Ашенова Томирис, 2 орынды 9 а сынып
оқушысы Куанышбаева Дәрия , 3 орынды 5 б сынып оқушысы Хафизова Дана
иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталып,сыйлықтар берілді.
Мерекенің соңында би кеші ұйымдастырылды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Тоқтыбаева А.Т