"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.11.2017

Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебі бойынша латын әліпбиіне көшу туралы мәлімет

Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің

оңтайлы жақтарын алға тартса,енді біреулер бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын  көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме,кеш пе,еліміз латын әліпбиіне көшеді,соған дайындала беруіміз керек » деген салмақты ой сақталып келді. Бұл жазу-елдігіміз бен

егемендігімізді айқындайтын ,халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білеміз.

Латын әліпбиі –әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни болашағы зор.Ғылым мен технология

дамыған заманда латын әліпбиімен сөйлеген қазақ тілі «электронды» әлемдегі басты коммуникациялық құралға айналып,білім –ғылым,ақпараттық кеңістік т.б салаларда байланыс күшейіп, цифрлы технологияларды меңгеру жеңілдейді деп ойлаймыз.

Біздің мектебімізде латын әліпбиіне көшудің оңтайлы жақтарын түсіндіру мақсатында  5-6 сынып оқушыларымен  «Латын әліпбиін үйрене берейік!», 7 сынып оқушыларымен «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы»,  8 сынып 

оқушыларымен, 9 сынып  оқушыларымен «Латын әліпбиі- жаңа көшке бастар керуенбасы» тақырыбында

сынып сағаттары өткізілді.  «Латынның тіл болашағына ықпалы зор» тақырыбында  тіл мамандары 8-9 сынып

оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Онда латын әліпбиінің тиімді жақтары

түсіндіріліп, қызу талқыға салынды.

 Қорыта айтсақ, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру

туралы мемлекет саясатын барша білім

қызметкерлері  болып қолдап, жүзеге асуына белсенділік танытатынына сенімдіміз.

                                               

 

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст