Тақырыбы: «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауы
Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Оқушы мен ұстаз арасында тығыз байланыс орнату.
Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.
Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір ұстаздан тұруы керек; Әр жұп көріністелген ән орындау керек;
Айша: Естисіңдер ме, балалар, сықырлаған қардың дыбысы естіледі, біреу келе жатқан сияқты.
Фонограмма қосылып, залға Мыстан Кемпір кіріп келеді.
Мыстан Кемпір: Бұл не жиын?
Айша: Сәлеметсіз бе, Мыстан Әже! Сіз бұл жерге қалай тап болдыңыз
Мыстан Кемпір: Мені бұл жерге Аяз Ата мен Ақшақар шақырған,олардың өздері көрінбейді ғой қайда жүр?
Балым Д. : Бізде сол Ақша қар мен Аяз Атаны күтіп отырмыз.
СМС дыбысы
Айша : Жаңа ғана хабарлама келді, Аяз ата мен Ақша қар қиын жағдайға тап болыпты.
Мыстан Кемпір: Ондай болу мүмкін емес.Таңертең ғана маған келіп, бірге шай ішіп, мені жаңа жылдық мерекеге шақырып кеткен. Мен болсам бірден жаңа жылдық дайындыққа кірісіп кеттім, шашыма прическа жасатып, аяғыма туфлиімді киіп, сыпырғышымды сүртіп қойдым.
Айша: Аяз ата мен Ақша қарды Зұлым Кощей жолда ұстап алыпты. Аяз ата келмесе Жаңа жылымызда болмайын деп тұр.
Мыстан Кемпір: Қап, әттеген – ай, дұрыс болмапты.
Себебін білесіңдер ма?
Айша:Себебі,Зұлым Кощей жаңа жылдық мерекеге шақырылмаған.
Мыстан кемпір: (Шошып) Бұл сонда қалай? Мен де жаңа жылдық мерекесіз қалып қоямын ба?
Айша: Сондықтан да, бізге сенің көмегің керек, Зұлым Кощейден Аяз Ата мен Ақшақарды босату керек,әйтпесе бізде мереке болмайын деп тұр
Мыстан Кемпір: Қап әттеген-ай ,ондай болса мен тез барып Кошейден босатып жіберейін
(Мыстан кемпір кетеді)
Айша: Ия, мыстан әже тезірек босатыңызшы! Қане, балалар біз ,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Аяз ата- Ақшақар! Аяз ата- Ақшақар! Аяз ата- Ақшақар!
Музыкамен залға Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым
Қырмызы сұлу қыздарым.
Өздеріңді сағындым.
Сонау алыс орманнан келдім
Кощей ұстап алып босатпады
Мыстан кемпірге көп рахмет!
Әйтпесе мерекелік кештен қалушы едік
Сендерге сондай асығып, омбы қарға малынып,
Мерекеге үлгірмей қаламын ба деп қорықтым.
Бірақ үлгерген екенбіз.
Жаңа жыл бақыт, денсаулық әкелсін!
Бүгінгі мереке жақсы өтсін.
Ақшақар: Менің атым Ақшақар.
Аяз атаның немере қызымын.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен құттықтаймын баршаңды!
Жаңа жыл молшылық акелсін. Ата біз осылай тұра береміз бе?
Шыршаны жағайық та!
(Шырша жағылады)
Осы сәтте
Дыбыс!
Жарық!
Көрермен!
Жүргізушілер шығуына фанфары ойналады
Айша: Қош келдіңіздер Құрметті Аяз ата! Ақшақар! Бізде Екі жұлдыз ән байқауы өтеді.Сіздер де қонағымыз болып жайғасыңыздар,жұптарымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
Балым Д: Армысыздар, құрметті ән сүйер қауым! Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған ауылымыздағы,мектебіміздегі ең ауқымды,жоғары деңгейлі, ең үздік жоба «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер! Байқап отырғандарыңыздай қатысушыларымыз жұптасып өнер көрсетеді,менде жалғыз емеспін,ендеше моестро! Менің көмекшім , кешіміздің жүргізушісі Кощегуловааа Айшааа!
Айша: Кеш жарық ханымдар мен мырзалар!
Осы кешіміздің әдемі жүргізушісі Балымммм Дузенбайқызыыыы! (көрермендерге қарап) Шоуымызды не істейміііізззз?!
көрермендер: Бастаймызззз!!!
Балым Д: Біз бүгінгі сайыста ұстаздардың оқушылармен жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын жүйрікті
1-2 жүргізуші: бірге анықтайық.
Айша:Құрметті көрермендер бүгінгі ән байқауында төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек
1.Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектеп директоры: Дюсембаева Сауле Төлегенқызы
2. мектеп кітапханашысы: Тоқтыбаева Күлбағыш Мауленовна
3. бастауыш сынып мұғалімі: Қабденова Қаламқас Қабдрашқызы
Балым Ді: Бүгінгі екі жұлдыз ән байқауының алғашқы жұбын таныстырып өтейін.Бұл кісі туралы Қызыл жеміс туралы ән бар,өзі де әнді жақсы айтады,балаларды әртістікке баулыған
Айша: -Қызыл жеміс туралы ән болса Өрік Қабдрашқызы шығар
Балым Д. -дұрыс, ал оның жұбы биді де, әнді де жақсы көретін қыздарыңыз Жайляупова Жұлдыз. Сахнада жұптарымызды «Қызыл гүлім» әнімен қарсы алыңыздар.
Айша: Сіздерге сұрақ еліміздегі қай әншілерді сүйіп тыңдайсыздар?
Балым Д: Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде, айтар пікірлеріңіз қандай?
Балым Д: Айша мен саған бір ерекше сұрақ қояйын...
-Бірге нол қосқанда неше болады?
Айша: бір
Балым Д : ал бірді нолге көбейткенде ше?
Айша: ноль болады
Балым Д: Дұрыс,мен неге бұл сұрақтарды қойып тұрмын,өйткені қазіргі жұбымыздың бірі сандар ғылымының педогогы, математикалық амалдар арқылы бар жасайтын,жоқ жасайтын, шексіз жасайтын адам
Айша: Сауле Төлегенқызы ма?
Балым Д: Жоооқ егер Сауле апай болса ол кісі сандарға ән айтқызады ғой,ал бұл адам ән айтып отырып есеп шығарады
Айша: ммм онда ол- Майгүл Үмітбекқызы болар
Балым Д : өте дұрыс оның жұбы биші, әрі әнші талантты қыздарыңыз Гүлзинат Сейлхан
Ендеше «Қайда» әнімен сахна төріне шақырамыз!
Айша: ән керемет орындалды. Өз көңілдеріңізден шықты ма?
Балым Д.: Құрметті қазылар алқасы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде:
Балым Д:
Енді Айша мені жақсылап тыңда, қазір сахнаға шығатын жұптың бірінің шет елге қатысы бар
Айша: сонда қалай?
Балым Д.: Қазақстан азаматы болғанымен ағылшын тілі маманы.Ағылшын тілі маманы болғанымен қатар, ол кісі әнді жақсы айтады, машинаны жақсы жүргізеді.
Айша: Мен тауып алдым сіз маған жеңіл сұрақтар қойып жатсыз. Әрине Ботагөз Дулатқызы ғой, оның жұбын мен айтайын ол өте қарапайым, белсенді оқушы Жаныбаева Томирис. Жұптарды «Джингл бел рок» әнімен қарсы алайық!!!
Айша: Әнді кім таңдады? Дайындық барысында қандай қиындықтар болды?
Балым Д.: Әнді керемет орындап шыққан сияқты, бірақ оны әділқазылар қалай бағалар екен. Сөз кезегі әділқазылар алқасы сіздерде.
Балым Д.: -Келесі жұбымыздың бірінің есімі Қазақтың батыр қызының есімімен байланысты,бойында әртістік шеберлігі бар, суретті жақсы салатын, домбыраның құлағында ойнайтын, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы
Айша: тауып алдым Алия Хабиболлақызы ғой
Балым Д. : керемет сен өзі тапқыр болдың ғой ,ал оның жұбы ән десе,өнер десе ішкен асын жерге қоятын сабырлы мінезді,инабатты қазақша ән айтатын
,мектебіміздің белсенді оқушысы Козловская Валерия
Айша: Ендеше жұбымызды « Песенка про медведья» әнімен қарсы алайық!!!
Айша: Бұл жоба сіздерге ұнап жатыр ма, несімен қызықтыра алды?
Балым Д.: Әділқазылар алқасы сөз сіздерде
Балым Д.:-Өсімдіктер әлемінің маманы,өзінің есімі де Гүл мен басталады деп айтуға болады. Оқушыларды элементтер әлемімен таныстырған, Н2О формуласын үйреткен
Айша: менің ойымша, Гүлсім Амангелдіқызын айтып тұрсыз ғой солай ма?
Балым Д : өте дұрыс. Қасындағы жұбы инабатты,сыпайы,сымбатты да көркем аруымыз Казанцева Елизаветамен.Жұптарымыз би кешін жақсы көреді, олай болса қошеметпен сахнаға шақырайық « Дискотека из 90» әнімен
Айша: біздің сахнамыз жайнап кеткен сияқты,Сіздерге сұрақ: 90 жылдардың биін үйрену қиын болды ма?
Балым Д.: Бұл жұптың өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Қазылар не айтасыздар?
Балым Д. -Келесі жұбымызды таныстыратын болсақ, ол кісінің аты актриса апамызбен аттас Тайлақтың анасы,
Айша: әрине Әмина Өмірзақовамен аттас Әмина Тоқтыбайқызы ғой, ал ол кісінің жұбы сымбатты, дауысы да әсем жан-жақты оқушымыз Қосман Жанәділді «Аққу арман» әнімен қарсы алайық!!!
Айша: Әнді қанша жастан бастап айтасыздар?
Балым Д: Бұл жұптың да өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Сөз сіздерде
Балым Д. -Айша менің жұмбақтарым бүгін бітер емес, ендеше тыңда бұл жұптың бірі өзі сабақ беретін тілді жақсы көреді.
Айша: Массаған ондай тіл бола ма?
Балым Д. : Болады,болғанда қандай? Басқа тілде де сөйлейді
Айша:Тауып алдым ол орыс тілі пәнінің мұғалімі Бағдат Ахмедияқызы ғой солай ма?
Балым Д. : Өте дұрыс
Айша: ендеше шақырайық сахнада Бағдат Ахмедияқызы мен жұбы сабырлы, қарапайым мінезді Леф Кирилл. Сахнада «Три белых коня» әнімен қарсы алыңыздар.
Айша: Сіздерде әнге дайындық барысында кездескен қиындықтарыңыз болды ма?
Балым Д: Бұл жұптың да өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Сөз сіздерде
Айша:Енді соңғы жұпқа да келіп жеттік. Ол кісі адамның жан дүниесін түсіне біледі.балаларды мейірімділікке баулиды
Балым Д: Менің ойымша, мектебіміздің психологы Зауреш Төлендіқызы ғой
Айша: иә, ал оның жұбы жан-жақты, достарына мейірімді, таудай талабы,әншілік өнері бар дауысы ырғақты,көрікті аруымыз Тоқтыбаева Карина. Жұбымызды «Қыз бала» әнімен ду қол шапалақпен қарсы алайық
Айша: осы әнді таңдауларыңызға не себе болды?
Балым Д: Бұл жұптың да өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Сөз сіздерде
Балым Д : Осымен қатысып отырған 8 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты. Келесі кезекте әділ – қазылар алқасы қорытындылап болғанша, оқушыларымыздың өнерлерін тамашалайық.
Айша: Әділқазылар қорытындылап болса, бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.
Аяз ата мен Ақшақар мерекемен жеңімпаздарды құттықтап, қоштасып залдан шығып кетеді.
Балым: Құрметті ұстаздар,оқушылар,қадірменді қонақтар! Осымен «Екі жұлдыз» ән байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Келіп жатқан 2020- Тышқан жылында барлықтарыңыздың отбастарыңызға амандық,дендеріңізге саулық тілейміз. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтаймыз.Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін.
Айша:
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам оң болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл!
Бізге Құтты жыл болсын!
Балым Д :Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті,келесі кездескенше
Бірге: қош сау болыңыздар!
Айша : Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» әнін бәріміз бірге шырқайық!