Текст
29.11.2019
Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебі бойынша «Тұңғыш Президент күні!» атты мерекелік іс –шара есебі
Қосшоқы ауылының №13 негізгі мектебінде бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғыры,өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Тұңғыш Президент күні!» атты мерекелік іс –шара өткізілді.
Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, әсем әндер айтты. Сонымен қатар,әр сыныпта тәрбие сағаттары өткізілді. Елбасының өмірбаяны мен еңбек еткен кезеңдері ,отбасы жайлы бейне фильмдер көрсетілді.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, өз халқына үлкен қамқоршы. Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға-елдің тұтқасы. Елбасымыз- осындай тұлға! .