"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз саған мың алғыс!

08.10.2019

Тақырыбы:                       Ұстаз – саған мың алғыс!
 

1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске

2-жүргізуші:Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз

Жүргізуші:  Бүгінгі кешімізді бастап  беру үшін мектеп  басшысы Дюсембаева С.Т  сөз береміз

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

2-жүргізуші: Ал бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада ән, орындайтын  Сейлхан І мен Сейлхан Г

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

1-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
 

Сахна төрінде қазақ биімен  5-6 сынып қыздары

 

2-жүргізуші:

Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
 

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға қыздарымызды шақырамыз

2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

Сіздерге арнап сахнада мектебіміздің қыздары мың бұралып би билейді.

1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

 

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст