"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 октября-акция "Экочас"

08.10.2019

Қосшоқы  ауылының №13 негізгі мектебінде

2019 жылы 3 қазанда  «Эко сағат» атты акция өткізілді.

Негізгі мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру.туған жер табиғатын қорғауға баулу.

Оқушыларға экологиялық білім беру мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау » тақырыбында танымдық сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында экология туралы бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар жалпы экология жайында, өздерінің туған жеріне, қоршаған ортасына тигізер пайдалары мен үлестері туралы ой-пікірлерін жеткізді.

Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз оқушыларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек.

Танымдық сағаттар аяқталған соң оқушылардың , ұстаздардың ,ата-аналардың қатысуымен мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.

Табиғат –адамзаттың ,жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы,алтын  бесігі. Табиғат –сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше табиғатты қорғау – барлық адамзаттың  борышы. Оқушыларға  отырғызған ағаштарын күтіп,баптап,қамқор болу жүктелді.

 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст