Павлодар облысы
Лебяжин ауданы
Абай атындағы
орта мектеп директоры
Турганбекова Салтанат Саулетқызы
Қосшоқы мектебіне арнау
Мектептің өзі кіші, пейілі кең,
Бірақта тарихы мен өмірі кең.
Бір адамдай ұйымшыл ұжымы бар,
Бұл мектептің жылуы мен сенімі тең.
Бәріне мақсат ойды жеткізе алған,
Жоқтан бар жасап еңбек еткізе алған.
Ерлігі деп санар едім бұл мектептің,
Республикалық семинар өткізе алған.
Жүлделі оқушылар бола берсін,
Қанжығаңыз мәртебеге тола берсін.
Тек сәттілік тілейміз Сәуле апай!
Ұстаздарға жаңашылдық қана берсін.
Тілектеспіз жетістікке жеткеніңе,
Ұрпақ үшін аянбай тер төккеніңе.
Мың алғыс Қосшоқыдай ауылдағы
13-ші шағын жинақ мектебіне
Дамысын деп балаларда шебер ептік,
Тисін де бізден де бір аз-маз септік.
Әр аймақтың 32 басшысынан
Мектепке іс машина тарту еттік!
29 қараша 2018 жыл