"Целиноград ауданы білім бөлімі Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа станции Косчеку" отдела образования Целиноградского района"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас»

19.02.2019

                   «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас»

        «Болашақта өркениетті елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» - деген елбасының жолдауына сәйкес білім ошақтарында жаңартуды жүзеге асыру жұмыстары бүгінде жоғарғы деңгейде қолға алынып отыр.

      Осыған орай  Қосшоқы ауылы №13 негізгі мектебінің директоры Дюсембаева Сауле Төлегенқызының ұйымдастыруымен әр облыс түкпірлерінен келген мектеп басшыларының қатысуымен мектебімізде республикалық семинар өтті.  Семинарда білім беру мазмұнын жүзеге асыру үдерісі арқылы мұғалімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыруға бағытталған педагогикалық идеяларды іздеу, оқу жетістігін бағалауды жүйелей отырып кері байланысты ұйымдастыру мақсаты көзделді.

  Аталған семинарда  Қабденова Қаламқас Қабдрашқызы, Умербаева Уалия Хабиболлақызы, Қабылқадырова Гүлсім Амангелдіқызы ашық сабақтар өткізіп, мұғалім шеберлігін таныта білді. Сонымен қатар мектеп психологі Искакова Зәуреш Төлендіқызы қонақтарды қарсы алу мақсатымен тренинг өткізіп кері байланысты ұтымды пайдалана білді. Бастауыш сынып мұғалімі Абдуахитова Кенжегүл Капсалямқызының жетекшілігімен  3 «Б» сынып оқушысы Недельская Мария «Семь чудес Астаны» тақырыбында үш тілдегі шығармашылық жобасымен таныстырып, марапатқа ие болды. Семинар соңында  драма үйірмесінің жетекшісі Қабден Өрік Қабдрашқызының жұмысымен таныстырылып, концерттік бағдарламаға ұласты. «Жұмыла көтереген жүк жеңіл» демекші мектеп ұжымының бірлігімен семинар өз дәрежесінде өткізілді.

                                           Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:   Ө.Қабден.

                                                                                               

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст