Текст
«1 сәуірден бастап барлық мектептерде келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады. 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар талап етіледі:
- Ата-ананың өтініші;
- Оқушының жеке басының куәлігі;
- Медициналық паспорты;
- Фотосурет.