Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебінде «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі мен ашық библиографиялық шолу, сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сара Алпысқызының өмір жолы жалпыадамзаттық құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы таныстырылды. Мұғалімдер мен оқушыларға кітапханадағы кітап қорымен таныстыру және рухани-адамгершілік білім бағдарламасымен таныстыру. Ұлағатты педагогтармен философтардың адамгершілік тәрбиесі жайлы айтылған дәйексөздеріне арнайы бұрыш көрмесі ұйымдастырылды. Мектебіміздегі өзін-өзі тану пәні бойынша рухани-адамгершілік білім беру бағыты бойынша сынып жетекшілердің, оқушылардың дәйексөздер жинағы, жоба мен атқарылған жұмыстар есебі көрсетілді.
Сонымен қоса өзін-өзі тану пәнінен сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар сабақта белсенділік танытып , өте жоғары дәрежеде өздерін көрсете білді