Текст
Қосшоқы станциясының негізгі орта мектебінде 5-9 сыныптар аралығында "Шәкәрім өсиеті -адалдық айнасы" тақырыбында онлайн адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатының мақсаты: Оқушылардың бойында адалдық,әділдік,ынсап, мейірім сияқты асыл қасиеттерді сіңіру.Жасөспірімдерді Шәкәрімнің асыл ойлары мен өсиеттерінен ғибрат алуға баулу. Оқушылар бұл адалдық сағаттарынан Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны,шығармашылығы,еңбектері жайлы толықтай мағлұматтар алып, білімдерін толықтырды. Шәкәрім Құдайберді өлеңдерін жаттап,мәнерлеп оқып берді.